Қазақ қыздарын Түркияға жезөкшелікке жібермек болғандар ұсталды

4 сентября 2017

Қызылордалық полицейлер үш қызды Түркияға жезөкшелікпен айналысуға жібермек болған қылмыстық топ мүшелерін құрықтады. Олар қыздарды алдап, шетелге құлдыққа жібермек болған. 

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыскерлерді құрықтау ұйымдасқан қылмысқа қарсы басқармасы қызметкерлерінің  «Stop-трафик» шарасы барысында іске асырылған. Олар Алматы қаласындағы әуежайдан ұсталып, қолдарына кісен салынды. 

Тергеу амалдары жалғасуда. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика