Қазақ даласын қуаңшылық жайлауы мүмкін

16 июня 2017

Күннің күрт жылынуынан жауын-шашын азайып, онсыз да ылғалға зәру қазақ даласын қуаңшылық жайлауы мүмкін. Отандық климатологтар алдағы 50 жылға осындай болжам жасап отыр.  Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

 

Оған себеп -ауа-райындағы өзгерістер. Бұрын циклон батыстан-шығысқа қарай ығысатын болса, қазір оңтүстіктен ыстық леп көбірек соғатын болыпты. Ал температура 1 жарым градусқа көтерілген. Соңғы кездері жиілеп кеткен су тасқыны мен сел, дүлей жел соның салдары екен. Қазгидрометтегілер нағыз өзгерістер әлі алда деп отыр. Өйткені, 30-40 жылдан кейін күн тағы ыси түсіп, ал осы ғасырдың соңына қарай бірқатар өзен-көлдер Арал теңізінің тағдырын қайталауы мүмкін. Қуаңшылықтан қашып құтыла алмаймыз, дегенмен ол процесті кешеуілдетуге болады екен.

— Парникті газдарды азайту керек. Біз қазір атмосфераға тастап жатқан парникті газдардың мөлшерін жылдан жылға азайтып, сол кезде температураның қарқынды өсуі төмендейді, — деді  «Қазгидромет» РММ ғылыми зерттеу орталығының директоры Пайызхан Қожахметов.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика