Қазақ баласы әлем ғалымдары бас қатырған есептің жауабын тапты

1 Сәуір 2017

Атырау қаласында тұратын 20 жастағы Ақылбек Көпжасаровтың ерекше қабілеті әлем ғалымдарының таңданысын туғызды. Жергілікті оргтехника дүкенінде кеңесші болып жұмыс істейтін азамат ең қиын есептің жауабын тапқан. Мұны Филдс сыйлығы комитеті мен Еуропа математика қоғамы растап отыр. Бір қызығы, Ақылбектің математика ғылымы бойынша арнайы білімі жоқ. 

Жас ғалыммен «Ақ Жайық» басылымының тілшісі тілдескен екен. Айтуынша, бұл шеңбердің квадратурасы мен кубтың екі еселенуі туралы есептермен қатар көп ғасырлар бойы классикалық шешілмейтін құрылымдық ойжұмбақ деп саналып келді. Циркульдің және сызғыштың көмегімен берілген бұрышты тең үш бөлікке бөлу керек. Мұндай құрылымның мүмкін еместігін, тіпті, француз математигі Пьер Лоран Ванцел 1837 жылы дәлелдеген.

Ақылбек ол туралы алғаш рет 15 жасында өз ұстазынан математика бойынша өткізілетін факультативтік сабақ кезінде естіпті. Содан бері қарай әр бос уақытын ол есептеумен өткізген.

– Математикалық сайттардан көпшілігінің әлі күнге дейін осы есептерді шешуге тырысатынын оқыдым. Бәсекелестіктің маған дем бергенін жасырмаймын, – дейді Ақылбек. – Бүгінгі күні жалпы жағдайда бұрыштың үшсекциясы циркульдің немесе сызғыштың көмегімен орындалмайтыны дәлелденсе де, бұл құрылымды орындауға болатын қисық сызықтар бар: Паскаль ұлуы немесе трисектрисасы, Никомед конхоидасы, конустық қималар, Архимед спиралі, сонымен қатар, жазық оригами көмегімен құрылым жасау. Мен есеп шартын ұстанғым келмеді. Сол кезде Морлей теоремасына жүгініп, есепті Ламун шеңбері арқылы шешпек болдым. Алайда, өкінішке орай, тұйыққа тірелдім. Сол кезде ойыма Киперт гиперболасының және үшінші шеңбер ережесінің көмегімен Гильберттің дәлелін пайдалану идеясы келді, – дейді Ақылбек.

Ақылбек есептің шешімін тапқанын түсінген кезде, Еуропа математика қоғамына хат жазған. 2 айдан кейін жауап келді. Жоғарғы комиссия Ақылбек Көпжасаровқа 2018 жылы кезекті Еуропалық математикалық конгресс кезінде сыйлық тағайындауға әзір екен. Оған бүкіл әлемнің математиктерінен сүйсінген пікірлер келе бастады. Ақылбек біреулер есептің шешімінен қателік тауып қалар деп қорқынышпен күтіп жүрді. Бірақ, бағына қарай, әлі күнге дейін ешкім мұндай дәлел ұсынбапты.

Ол Абель сыйлығын да алу ниеті бар екенін жасырмайды. Бұл математика бойынша Нобель сыйлығына пара-пар келеді, ақшалай сыйлық мөлшері 1 млн доллардан астам. Алайда Абель сыйлығының жүлдегерін Халықаралық математикалық одақ пен Еуропа математика қоғамы тағайындайтын бес математиктен құралған халықаралық комитет анықтайды.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика