«Құбыжық пен сұлу» фильмі прокатқа шығады

17 Наурыз 2017

Құбыжық пен сұлуБилл Кондонның «Құбыжық пен сұлу» («Красавциа и чудовище») фильмі қазақстандық кинотеатрларда көрсетілетін болды. Министрлік тарапынан арнайы құрылған комиссия прокатқа рұқсат берген. Бұл туралы «Меломан» компаниясының директоры Вадим Голенко мәлімдеді.

«Бүгін 17 наурыз күні сараптамалық комиссияның отырысынан соң бізге прокаттық куәлік берілді. Астана мен Алматы қаласының мамандары фильмді көріп, оған «16+» жас шектеулігін қойды. Бұл дегеніміз балалардың киноға ата-аналарымен бірге келіп көруіне болады дегенді білдіреді. Ең маңыздысы бұл фильм қазақстандықтар үшін наурыз мейрамына тарту болмақ», – дейді Вадим Голенко.

Айта кетейік, осыған дейін «Құбыжық пен сұлу» фильмінің төңірегінде дау туындап, оның прокатқа шығу уақыты кешіктірілген болатын. Басты себеп фильмде бір жынысты (гей) кейіпкердің болуы. Бұл мәселеге қатысты пікір білдірген ҚР Мәдениет және спорт министрі мұндай фильмді өз баласына көрсетпейтіндігі туралы айтқан.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика