Қасымов Димаштың концертіндегі төбелестің мән-жайын анықтауға уәде берді

26 апреля 2017

Кеше Димаш Құдайбергеннің құрметіне өткен кеште күзетшілер мен журналистер арасында жанжал шықты. ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов әнші Димаш Құдайбергеннің құрметіне өткен кеште шыққан жанжалдың мән-жайын анықтауға уәде берді,-деп хабарлайды Qasym.kz тілшісі.

Бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланғандай, кеш басталмас бұрын концерттік залдың күзетшілері мен бірқатар басылымның журналистері арасында кіре берісте жанжал шығып, төбелеске дейін барған.
«Біз бұл оқиғаның мән-жайын анықтаймыз. Өз бақылауыма аламын», — деді Қасымов мәжіліс отырысынан кейін Sputnik Қазақстан тілшісіне.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика