Қаскөйлер кәсіпкерді тірідей өртеп жіберді

13 Ақпан 2018

Өзбекстанның Фергана облысында бір топ ер адам ішімдікке сылқия тойып алып, 40 жастағы кәсіпкерді тірідей өртеп жіберді, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан. 


Құқық қорғау органдарына Т.Мамадалиев деген азамат хабарласып,  1977 жылы туған ұлы жоғалып кеткенін айтқан. Оның сөзіне қарағанда, ұлы Р.Мамадалиев 3 ақпан күні сағат 16:30-да Риштан ауданындағы «Бустон маззали таомлари» шайханасында достарымен бірге отырған. Бір кезде оған ішімдік ішіп алған ер адам келіп, көшеге «сөйлесуге» шақырған. Содан кейін оны ешкім көрмеген, із-түзсіз жоғалған.   

Елдің ІІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, тергеу нәтижесінде кәсіпкерді көшеде бірнеше адам күтіп тұрып,  Lacetti маркалы автокөлікке отырғызып, «Мирзаобод тутзори» шаруа қожалығы аумағына алып барғаны белгілі болды.

 Олар сол жерде бизнесменді аяусыз соққыға жыққан. Қылмысты жасыру үшін қимылсыз жатқан Р.Мамадалиевке бензин құйып, өртеп жіберген.   

Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде қылмыстық топтың қатысушылары ұсталды. Тергеу жүргізіліп жатыр.     

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика