Кәсіпкер: «Жұмыс сұрап келген қазаққа қазақша жауап бермеген қызметкерім үшін өзімді балағаттадым» (видео)

9 апреля 2017

Қарағандылық кәсіпкер Ерлан Әшім блогер Арман Әлменбетпен болған сұхбат барысында бизнестегі іскерлік пен қазақ тілі туралы сөз қозғап, бизнестегі қазақ тілінің мәртебесі туралы баяндады. Айтуынша, қазақ тілін дамыту үшін құр сөйлеп отыра бермей, нақты жұмыс істеу керек. Қазір Ерлан Әшімнің иелігіндегі компаниялардағы іскерлік құжаттар толығымен мемлекеттік тілде жүргізіле бастаған екен.

«Іскерлік қазақ тілі іс жүзінде дамымаған. Егер дамымады деп жүре берсек, ол болмайды. 2002-2003 жылдары шағын зауыт салдым. Жаңа жұмыс, жаңа жоба бастаймын деп кіріскен кезімде көп адамды жұмысқа алдым. Ол кезде өзім де жаспын. Сол кезде кадрлар бөліміне бір жас қызды алдым. Ол қазақ тілін білмейді екен. Оған қарамаған екенмін. Содан бір күні сол қыз маған келіп бір кісі туралы айтты. «Ну вот такой та пришел. Он оказывается с Монголий. Он не знает по русский, даже не разговоривает. Не знаю что делать» дейді. Сол кезде мен өзіме айттым: «Ей Ерлан, ақымақсың. Сонда өз бауырың Моңғолиядан өз елім, қазағым деп келеді екен. Саған жұмыс сұрап келеді екен. Сенің кадрлар бөліміңе барады екен. Олар қазақ тілінде өтініш қабылдай алмайды екен. Бұл қалай сонда?  Өз-өзімді балағаттадым». Содан әлгі қызды басқа жерге ауыстырдым. Орнына қазақ тілді маманды қойдым. Өзім басқаратын барлық фирмамдағы сыртпен байланыс бөлімдеріне қазақ тілді мамандарды жұмысқа қабылдатқыздым. Қазір барлық құжатты қазақ тіліне көшірдік. Біз қазақ тілін қалай іскерлік тілге айналдырамыз? Ол үшін әрекет жасау керек қой», — дейді кәсіпкер Ерлан Әшім.

«Қасым-ақпарат»

Видеоның толық нұсқасы: «Бизнес және қазақы құндылықтар»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика