Кәсіпкер полицейлерге қаржылай сыйлық берді

22 февраля 2017

Павлодарлық қос полицейдің ерлігіне тәнті болған кәсіпкер олардың отбасыларында болып, жұбайларына 5 млн.теңгеден сыйлық берді. 

«Бүгін біз Мұрат Нұрсейітов пен Баянбек Жүнісовке шын жүректен алғысымызды білдіргіміз келеді. Қазір қандай қиындықты бастан кешіп жатқандықтарын елестету өте қиын. Тезірек сауығып кетуін тілеп, материалдық көмек көрсетеміз. Олардың жасаған ерлігі әрбір қазақстандықтың жүргенде мәңгі қалары сөзсіз, себебі ол нағыз қаһармандардың фильмдерде ғана емес, өз арамызда да бар екендігін дәлелдейді», — деді «АЛМАТЕЛ» АҚ бас директоры Эрик Франке сыйлықтарды ұсынып.

Айта кетейік, «Союз Отцов» қоғамдық бірлестігі Елбасыдан Мұрат Нұрсейітов пен Баянбек Жүнісовке мемлекеттік марапат беруді сұраған болатын.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика