Қаршадай қыздың ата-анасы әлі күнге дейін табылмады

14 августа 2017

Астана қаласында түн ішінде жалғыз жүрген қыздың туыстарын іздеу әлі күнге дейін еш нәтиже бермеді. Полиция қызметкерлері БАҚ арқылы қыздың суреті мен аты-жөнін таратып, жұртшылықтан көмек сұраса да, көрдік-білдік деген адам жоқ. Енді кішкентай қыздың ата-анасын іздеу шаралары республика көлемінде жүргізіледі, — деп хабарлайды Qasym.kz

Қазіргі таңда баланың есімі Милана екендігі анықталды. Полицейлер іздеу шараларын күшейтіп, оның туыстары туралы ақпараттың ұшығына жетеріне сенімді. Әйтсе де 10 тамыздан бері арада төрт күн өтсе де, полиция қыздарын жоғалтқанын айтып ешкім хабарласпаған. Әрі бұл қызды ешкім танымайтын болып шықты.  


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика