КАРЛАГ МҰРАЖАЙЫНА 3D САЯХАТ

21 октября 2016

Қуғын-сүргінРесей «халықтар түрмесі» аталды. Патшалық дәуірде отаршыл билік өкілдері аз ұлттардың жерін алып, елін талады. Беріде езілген халықтарға азаттық әпереміз деген большевиктер билікті алып империяны миллиондардың тозағына айналдырды. Сондай лагерлердің бірі — Карлаг, яғни, Қарағанды еңбекпен түзеу лагері — ГУЛАГ архипелагы құрамындағы ең ірі азап аралы. Ақмола және Балқаш бөлімшелерін қосып есептегенде, Карлагтың ауқымы Францияның жер көлемімен теңеcеді. Мұнда 1930 жылдан 1953 жылға дейін 3 млн 778 мың 254 адам түрлі айыптар бойынша жазасын өтеген. Олардың арасында саясаткерлер, ғалымдар, мәдениет қайраткерлері болды. Бұлардың барлығы қара жұмысқа жегіліп, азаптан көз жұмды. Кейбір деректерде 788 мың адам ату жазасына кесілді делінген. 

Карлаг қасіретін зерделеп, оның ақтаңдақ тұстарын ашуда Қарағанды «Болашақ» Академиясының «ҚАРЛАГ: БОЛАШАҚ ҮШІН ЕСТЕ САҚТАУ» ғылыми зерттеу жобасының маңызы зор. Заң ғылымдарының докторы Нұрлан Дулатбеков мырзаның жетекшілігімен жасалған жоба аясында Карлаг пен «Алаш Орда» қозғалысы тарихы жайлы 20 шақты кітап шығарылды.
Бүгінде Карлаг қасіретін есте сақтау және зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында Долинка кентінде саяси қуғын-сүргін құрбандарына естелік мұражайы ашылған болатын. Мұражай қорында түпнұсқалы экспонаттардың тым аз екендігін ескере отырып, экспозиция дәуір образын айқын суреттеу үшін көркемөнер тәсілдерін қолдана отырып архитектоникалық көмкеруді жандандыру әдісі негізінде құрылған. Мұражайдың ақпараттық мағыналық толтырылуының көп бөлігін бірікпеген бөлек парақтардағы құжат көшірмелері және жазаланғандардың сөзінен жазылған естеліктер, яғни, материалды құжат-түпнұсқа ретінде мұражайлық құндылығы жоқ, бірақ тарихи тұрғыдан шүбәсіз ауызша айтылған айғақтар құрайды. Сондықтан экспозицияның негізгі суреттеу құралдарының бірі экспонаттар тұрған қуыстардағы дәуірдің тарихи құжаттарының көшірмелерінен, сондай-ақ бұрынғы тұтқындардың шынайы естеліктері мәтіндерінен құрастырылған фотопаннолар, бір қабырғадағы қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдардың портреттерінен жасалған фотоколлаж және фотосуреттер болып табылады.

КАРЛАГ МҰРАЖАЙЫНА 3D САЯХАТ

Карлаг мұражайы

Сілтемені басыңыз: Карлаг 3D тур

Ескерту: Мүмкіндік болса компьютер арқылы көріңіз

«Қасым» порталы


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика