Қарағандылық емші тірідей көрге көмілді (видео)

29 июля 2017

Қарағандылық емші Дәуір Шакиржан эксперимент жасау мақсатында тірідей көрге көмілді. Оны таныстары саяжайда арнайы қазылған қабірге көміп тастаған. Жер астында сегіз сағаттан астам уақыт жатқан азамат осылайша мына әлеммен бір сәтке болса да қарым қатынасын үзгісі келген екен. Әйтсе де емші жігіт мұны қайталап көруге болмайтындығын ескертеді. Өйткені тыңғылықты дайындалған күннің өзінде ауа жетпей немесе басқа жағдайлар орын алып, эксперименттің соңы қайғылы жағдайға ұласып кетуі мүмкін екен.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика