Қарағандыда «Жылдың үздік ақыны» анықталды

21 декабря 2016

Желтоқсан айының 20-сы күні қаламыздың «Сарыжайлау» кинотеатрының қызыл залында мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт қаһарманы Жұмабек Тәшенов жүлдесіне арналған «Жылдың үздік ақыны» облыстық жыр мүшәйрасы өткізілді. Бұл шара айтыскер ақын Айтбай Жұмағұловтың мұрындық болуымен ұйымдастырылды. Басты демеуші – қарағандылық кәсіпкер Сапар Ипкеев.

Жылдың үздік ақыны

Жыр додасын ұйымдастырушылар екі мақсатты көздеген. Алғашқысы – қиын-қыстау заманда астындағы тағын, атақ-абыройын ел мүддесі жолында тәрк етіп, қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалған батыр бабамызды дәріптеу, еңбегін елге үлгі ету. Ал екіншісі – әдебиеттің дамуына үлес қосып, жас дарындарды анықтау, олардың шығармашылығына қолдау көрсету.
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы аясында өткен игі шараға алыстан ат терлетіп, ән өнерінің дамуына мұрындық болып жүрген азамат, әнші Досымжан Таңатаров келіп қатысты. Жиналған қауымды мерекемен құттықтап, әуелете ән шырқады. Ал арқаның айтыс өнерін дамытуға сүбелі үлесін қосып жүрген азамат Дидар Қамиев болса, Жұмабек Тәшеновті жырға қосып, арнау айтты.


Бұл доданың өзгелерден ерекшелігі мұнда әділқазылар алқасы жоқ. Жеңімпазды ақындардың өздері дауыс беру арқылы анықтады. Жалпы дауыс қортындысы бойынша, мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Ахметұлы Тәшенов жүлдесіне арналған жыр бәйгесінде «Жылдың үздік ақыны» болып жас ақын, «Жыр-жауһары» поэзия клубының жетекшісі Жадыра Байбұланова танылды. Жеңіске жеткен ақын қызға Ж.Тәшенов атындағы жүлде табыс етілді. Алдағы уақытта ұйымдастырушылар алқасы Жадыра Байбұлановатының жыр жинағын шығарып береді.

Бұл доданың өзгелерден ерекшелігі мұнда қазылар алқасы жоқ. Жеңімпазды ақындардың өздері дауыс беру арқылы анықтады. Жалпы дауыс қорытындысы бойынша, мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Ахметұлы Тәшенов жүлдесіне арналған жыр бәйгесінде «Жылдың үздік ақыны» болып «Жыр жауһар» поэзия клубының жетекшісі Жадыра Байбұланова танылды. Жеңіске жеткен ақын қызға Ж.Тәшенов атындағы жүлде табыс етілді. Алдағы уақытта ұйымдастырушылар алқасы Жадыра Байбұланованың жыр жинағын шығарып береді.
Бұдан бөлек, кеш барысында «Жылдың үздік сыршыл ақыны» (Айзада Рақымжанова), «Жылдың үздік жазушысы» (Алмаз Мырзахмет), «Жылдың үздік айтыскер ақыны» (Дидар Қамиев), «Жылдың үздік қайраткері» (Серік Сағынтай), «Жылдың үздік имамы» (Мұқаш Макиев) атақтары да табысталды. Сондай-ақ, әріптесіміз Аян Мейраш «Сарыжайлау» кинотеатрының арнайы сыйлығына ие болды.

Нұрлыхан ҚАЛҚАМАН

«Қасым» порталы


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика