Қарағандыда толассыз жауын салдарынан бір адам қаза тапты

25 декабря 2017

Желтоқсан айында күн райы тосыннан мінез танытып, ақ жауын себезгілеп тұрып алған еді. Қысқы жаңбыр қала ішіндегі көлік қозғалысына кедергі келтіріп, жолдар көктайғақ болып қалды. Осының салдарынан Қарағандының орталық көшелерінің бірінде әйел адам қаза тапты.

Оқиға куәгерлерінің хабарлауынша, әйел адам аяғы тайып құлаған. Кейін орнынан тұра алмай қалады. Ал облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаза тапқан азаматшаның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазір медициналық сараптама тағайындалып, өлімнің не себептен болғаны анықталуда. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика