ҚАРАҒАНДЫДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЙТЫСТА ЕКІ ГРАН-ПРИ ТАБЫСТАЛДЫ

20 сентября 2019

Қарағандыда халықаралық айтыста екі гран-при табысталды

Қарағандыда қоғамдық және саяси қайраткер, ақын Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық айтыс өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен ән байқауы Қазақстан мен шет елдік мықты ақындардың басын қосты.

Екі күн бойы С. Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының сахнасында ақындар суырып салма өнерде бақ таластырды. Қазылар алқасы мүшелерінің айтуынша, ең мықтыны таңдау қиынға соққан. Нәтижесінде төрешілер алқасының шешімі бойынша екі бас жүлде табыс етілді.

Халықаралық айтыс Қарағанды облысының әкімдігі мен Nur Otan партиясының қолдауымен ұйымдастырылды. Сәкен Сейфуллиннің мерейтойына орайластырылған салтанатқа қатысып, ақындарға қолдау көрсету үшін Қарағандыға Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек арнайы келді.

— Қарағанды Халықаралық айтысты өткізу үшін кездейсоқ таңдалған жоқ, себебі Сарыарқа жерінде Сәкен Сейфуллин дүниеге келген. Бұл өнер түрі үлкен қолдауға ие. Айтыс халыққа өте жақын. Біз ақындардың әндері арқылы адамдардың көңілін естігіміз келеді. Мәдени және рухани жаңғыру, дәстүрлерді сақтау біздің саяси доктринамыздың бір бөлігі болып табылады, — деді Бауыржан Байбек.

Халықаралық айтыстың жүргізушісі Жүрсін Ерман ақындар өте өзекті мәселелерді көтеріп, Сәкен ағаның бейнесін аша алғанын атап өтті.

Ән байқауына жиналған көрермендерден залда ине шаншар жер болмады. Олардың көбісі ақындар сайысын көру үшін шалғайдағы қалалар мен ауылдардан арнайы келген екен. Суырып салма өнері майталмандарының арасындағы қызу таласты жиналған қауым бар зейінімен қадағалап отырды. Бірінші күні жеті сағатқа созылған бақталаста 9 жұп жарысты, олардың 7-і ақтық сайысқа өтті.

Бас жүлдені Мақсат Аханов және Жандарбек Бұлғақов есімді екі айтыскер иеленді. Олардың әрқайсысына екі миллион теңге сомасында ақшалай сыйлық берілді.

Бірінші орын мен миллион теңге сыйлығын қазылар алқасы Өміржан Көпбосыновқа және Бауыржан Шермединұлына табыстады.

Екінші орынға үш иегер анықталды: Дидар Кәмиев, Мұхтар Ниязов және Төлеген Жаманов. Үшінші орынды бес ақын өзара бөлісті: Айбек Қалиев, Бүркітқазы Әділбек, Әсем Ережекқызы, Бекарыс Шойбеков және Нұрмат Мансұр. Тиісінше, ақшалай жүлде 500 және 300 мың теңгені құрады.

Сәкен Сейфуллин қорының арнайы сыйлығына Жеңісбек Тоқтабеков ие болды.

Айтыстың ең жас қатысушысы Жұлдызай Маратбековаға Асанәлі Әшімов қорының арнайы сыйлығы берілді.

Сонымен қатар ынталандыру сыйлықтары берілді.

Айтыстың барлық қатысушыларына Жаңаарқа ауданынан Сәкен Сейфуллиннің отанынан әкелінген шапандар сыйға тартылды. Ұлы ақын мен жазушының мерейтойына орай әншілерге, қазылар алқасы мен ұйымдастырушыларға естелік медальдар табыс етілді.

Бұған дейін хабарланғандай, Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық айтыста Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия және Қытайдан келген 18 айтыскер бақ сынасты. Қазылар алқасын танымал актёр және режиссёр, Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов басқарды.

 

Два Гран-при вручили на международном айтысе в Караганде

 

В Караганде завершился международный айтыс, посвящённый 125-летию общественного и политического деятеля, поэта Сакена Сейфуллина. Песенный конкурс, проходивший в рамках программы «Рухани жаңғыру», собрал сильнейших акынов из Казахстана и зарубежья.

В течение двух дней на сцене Областного казахского драмтеатра имени С. Сейфуллина шла борьба импровизаторов. По словам членов жюри, было сложно выбрать лучшего из лучших. В итоге по решению судейской коллегии вручили два главных приза.

Международный айтыс был организован при поддержке акимата Карагандинской области и партии Nur Otan. Чтобы принять участие в торжествах в честь Сакена Сейфуллина и поддержать акынов, в Караганду специально приехал первый заместитель председателя партии Nur Otan Бауыржан Байбек.

— Караганда неслучайно выбрана для проведения международного айтыса, ведь на Сарыаркинской земле родился Сакен Сейфуллин. Замечательно, что этот вид искусства здесь имеет большую поддержку. Айтыс очень близок к народу. И мы хотим через песни акынов услышать чаяния людей. Культурное и духовное возрождение, сохранение традиций являются частью нашей политической доктрины, — сказал Бауыржан Байбек на церемонии закрытия айтыса.

Ведущий международного айтыса Журсин Ерман отметил, что акыны подняли очень актуальные вопросы и смогли раскрыть образ Сакена-ага.

Песенный конкурс собрал полный зал зрителей. Многие приехали из отдалённых городов и сёл. Публика с напряжением следила за битвой импровизаторов. В первый день в течение семи часов состязались 9 пар, из которых 7 вышли в финал.

В результате упорной борьбы Гран-при удостоены два айтыскера: Максат Аханов и Жандарбек Булгаков. Им достался денежный приз в сумме два миллиона тенге каждому.

Первое место и приз по миллиону тенге жюри присудило Омиржану Копбосынову и Бауыржану Шермединулы.

Определились три обладателя второго места: Дидар Камиев, Мухтар Ниязов и Толеген Жаманов.

Третье место поделили пять акынов: Айбек Калиев, Буркитказы Адильбек, Асем Ережекызы, Бекарыс Шойбеков и Нурмат Мансур. Соответственно, денежный приз составил по 500 и 300 тысяч тенге.

Специальный приз фонда Сакена Сейфуллина получил Женишбек Токтабеков.

Самую молодую участницу айтыса Жулдызай Маратбекову наградили специальным призом фонда Асанали Ашимова.

Также были вручены поощрительные призы.

Всем участникам айтыса подарили чапаны, которые привезли с родины Сакена Сейфуллина — из Жанааркинского района. Памятные медали в честь юбилея великого поэта и писателя вручили певцам, членам жюри и организаторам.

Как уже сообщалось, в международном айтысе, посвящённом 125-летию Сакена Сейфуллина, состязались 18 айтыскеров из Казахстана, Кыргызстана, Монголии и Китая. Жюри возглавлял известный актёр и режиссёр, народный артист, Герой Труда Казахстана Асанали Ашимов.


Бөлісіңіз:


Обсуждение закрыто.

Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика