Қарағандыда армлифтинг бойынша Қазақстан кубогы өтеді

6 сентября 2017

Облыс орталығында армлифтинг (WAA) және әскери жатып сығымдап көтеру (IMBPA) бойынша Қазақстанның І-ші Ашық кубогына қатысу үшін 90-нан астам спортшылар жиналады, — деп хабарлады Qasym.kz тілшісі Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сайыс Қарағанды қаласында 10-шы қыркүйекте өтеді. Қатысушылар өз салмақ және номинациялары бойынша бәсекеге түседі. Тиісті нормативтерді тапсырғандарға спорт шебері кандидаты, шебер жәнеде халықаралық кластағы шебер лауазымдары беріледі. Жеңімпаздар үшін эксклюзивті кубоктар мен былғары қаптамадағы грамоталар әзірленген. 
Жарыс үш түр бойынша өтеді: әскери сығымдап көтеру, орыс осі және орыс рулеткасы. Әскери сығымдап көтеру қарапайымнан арқаның және аяқтың қойылуымен ерекшеленеді. Егер қарапайым нұсқада бұл жаттығу барысында аяққа салмақ салып, оларды еденге қоюға болса, әскери нұсқада ондай мүмкіндіктер жоқ: аяқтар айқастырылып, денеден жоғары көтеріліп тұруы тиіс. 

Орыс осі – қарапайым бітімге тартудағы жаттығуларға ұқсайды, алайда штанганың грифі мұнда анағұрлым кеңірек – диаметрі бес сантиметрдей болады. Қарағандылық жарыстың бағдарламасына бұл спорт түрі бірінші рет енгізіліп тұр. 
Орыс рулеткасы – ол айналып тұратын осьте орналастырылған дискілер. Оларды бір қолмен ұстап тұру қажет. 

Армлифтинг бойынша Қазақстан кубогы 10-шы қыркүйекте 10:00-де Pro Fit фитнес клубында (Кривогуз көшесі, 30) өтеді. Анықтама телефоны: +7 702 117 77 03.

 

 

 

 

 

 

 

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика