Қарағанды «ақылды қала» технологиясын енгізбек

3 августа 2017

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың тапсырмасы бойынша, алдағы жылдары кеншілер шаһары заманауи ғылымның жетістіктерін пайдалана отырып, қала көшелерін жүйелі түрде жаңғырту жұмыстарын жүргізбек. Қазіргі таңда қарағандылық мамандар облыс әкімінің тапсырмасы бойынша   «SIEMENS» компаниясы инженерлерінің тәжірибесін меңгеруге аттанды, — деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.   

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов ЭКСПО -2017 көрмесін аралау барысында   «SIEMENS» корпоративті павильонына барған болатын. Павильонда аймақ басшысына көрмені салу барысында кең қолданылған заманау технологиялардың бірі   «ақылды қала» технологиясы таныстырылды. Оның ерекшелігі сол, электр қуатын, жылу, су беруде және қауіпсіздік жүйесі жұмысы арнайы бағдарламамен реттеледі және автоматты түрде диагностикадан өткізіледі. Осылайша, аумақта қамтамасыз ету процессіне жұмылдырылған адам саны азаяды, ал жүйедегі келеңсіздіктерді пайда болған сәтте анықтауға мүмкіндік болады. 

Ерлан Қошанов қарағандылық мамандарды «SIEMENS» компаниясына оқытуға жіберуді тапсырды. 

– «Ақылды қала» технологиясын енгізу бүгінгі күннің талабы. Бұл бюджет қаржысын үнемдеуге, адам еңбегін азайтуға мүмкіндік береді.

Бұл технология ауқымды екенін түсіну керек және қаланың барлық салаларын қамтиды – медицина, қауіпсіздік, ТҮКШ салаларын. Денсаулық сақтауда біз осы саланы енгізе бастадық, мысалы, аурулардың тарихы электронды түрде жүргізіледі. Енді қауіпсіздікте қолдануды бастау қажет деп ойлаймын. Қала бойынша бақылайтын және сүзіп отыратын арнайы бағдарламасы бар жазбалар мен бейнекамералар орнату, яғни адамдар қадағаламайды. Бұл керек фрагменттерді тез тауып, қолдануда тиімді болады, — деді  облыс әкімінің ШОБ-қа инвестициялар бойынша орынбасары Алмас Айдаров.

Жаңа технологияларды қандай форматта және қашан қолданылатыны анықталады. Алайда қала басшылығы «Ақылды қала» технологиясы аса қажет екеніне сенімді.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика