Қарағанды жастары Төреғалидің концертіне қарсы шықпақ

13 марта 2018

Қарағанды жастары «ақысына» кешірім сұраған Төреғали Төреәлінің кеншілер қаласында концерт қоюына қарсы. Бұл туралы Салтанат Кеңесбекова есімді желі қолданушысы жазды.

«Қарағанды жастары сол күні жиналмақ екен. Халықтан кешірім өтінген екен, ақысыз концерт беру керек, деп! Мен олардың осы пікірін қолдаймын! Өр, жасындай жарқыраған ұрпақ тәрбиелеп жатыр екенбіз! Төреғали сияқты пиаршиктерді төрге оздырмау керек деп отырмыз!», — деп жазды Салтанат Кеңесбекова.

Бұл дәстүрлі әнші Ерлан Төлеутай да қолдап, Қарағандыны кім көрінген концерт қоятын жерге айналдырмауды сұрады.

«Кешірімді əуеді Павлодардан бастап сұрасын. Не, Қарағанды көрінген фанерщик аузын жыбырлатып «концерт» қоя беретін проходной двор ма?! Бұл іспен облыстық Мəдениет басқармасы айналыссын. Қарағандыны кім көрінген концерт қоятын помойка қылғанды тоқтатқызу керек! Бұл не сұмдық! Бұған кім рұқсат беріп отыр. Ұйымдастырушыларды жазалансын. Қарағандыда кімдер ұйымдастырып отыр, есімдері жариялансын. Білейік фанерщиктердің жақтастарын, шын өнердің дұшпандарын. Қарағандының жастарының бұл бастамасын қолдаймын!», — деді Ерлан Төлеутай.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика