Қарағанды облысындағы елес (өлі) қала қайта жаңғырмақ

12 Ақпан 2018

Саран қаласында 2018-ші жылы 1«а» ықшам ауданында 120 пәтерлік тұрғын үй салынады, оның жобасы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша құрылған. Сонымен қатар бос қалған үйлерді қайта қалыпқа келтіру жоспарланып отыр. Ол жайында Саран қаласының әкімі Ержан Темірханов халық алдында есеп беру барысында мәлімдеді, – деп хабарлайды Qasym.kz тілшісі Қарағанды облысы әкімінің сайтына сілтеме жасап.

 
Баспанамен қамту мәселесі қала тұрғындарын алаңдататын өзекті сұрақтардың үштігіне кіреді дейді Саран қаласының әкімі. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алуға кезекте 1528 адам тұр. 
2017 жыл ішінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан 19 пәтер берілді, оның ішінде жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 5 пәтер, бюджеттік ұйым қызметкерлеріне 7 пәтер, халықтың әлеуметтік-осал топтарына жататын тұлғаларға (толық емес отбасыларға) 7 пәтер берілді.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезектілік тізімінде 1528 адам тұр.
Жалдамалы тұрғын үй құрылысын жеделдету және жеке тұрғын үй құрылысын жандандыру үшін жағдай жасау үшін жыл ішінде келесі шаралар қолданылды.
Дағдарысқа қарсы тиімді шешім болған, болашаққа инфрақұрылым дайындамасын қамтамасыз ететін «Нұрлы жер» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 1“а” ықшам ауданда 120 пәтерлі үйді жобалау жұмыстары орындалды, ағымдағы жылы оның құрылысы басталады.
3 ықшам аудандағы (РТБ ауданы) №14, 15 тұрғын үйлерді инженерлік желілермен қайта жаңартуға жоба әзірленді.
«Тұрғын үй қорын ұйымдастыру және сақтау» бағдарламасы бойынша 3 ықшам аудандағы № 13 үйдің 15 пәтерін қалпына келтіру басталды.
«Горняк» ықшам ауданында екі жалдамалы тұрғын үйдің құрылысы аяқталып қалды, ол 48 пәтер. Пайдалануға беру 2018 жылдың қаңтар айына жоспарланған.
Қала құрылысының Бас жоспарын іске асыру шеңберінде жеке тұрғын үй құрылысын дамыту үшін Макаренко көшесі бойынша 10 га және «Горняк» ықшам ауданында 19 га алаңда 291 аз қабатты тұрғын үй үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленді.
ЖТҮҚ учаскелерінде инженерлік коммуникациялар құрылысына жобалау құжаттамасы жұмыс сатысында.
«Жеке тұрғын үй құрылысын салу қарқыны жыл сайын өсіп келе жатқанын атап өткен жөн, есепті кезеңде жеке инвестициялар есебінен 2523 ш.м. тұрғын үй пайдалануға енгізілді», – деді Ержан Темірханов.
Есепте сонымен қатар қаланы абаттандыру, әлеуметтік нысандарды жөндеу туралы да сөз қозғалды. 
2018-ші жылы Саранда 6 мектеп және үш балабақша жөнделеді. 6 аула аумақтары мен 6 саябақтар абаттандырылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар Чкалов және Саранская көшелерінің, қала ішіндегі 4-5 шақырым автожолдар жөнделетін болады. 
 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика