Қарағанды облысы әкімі аппараты «қоғамдық келісім» кмм жаңа директор тағайындалды

9 Сәуір 2018

Ағымдағы жылдың 6 сәуірінде Достық үйінде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ж.Әбішевтің төрағалығымен алқалы отырыс өтті.


Аталған іс-шараға этномәдени бірлестіктердің төрағалары және Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 18-01-38.10 «Қазақстан халқы Ассамблеясының ХXVІ сессиясын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» бұйрығын орындауды ұйымдастыруы талқыланды.
Отырыс барысында облыс әкімінің орынбасары Ж.Әбішев қызметкерлерге Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ жаңа директоры Ерлан Құсайынмен таныстырды.
Ерлан Бейсембайұлы Құсайын 1976 жылы дүниеге келген. 1999 жылы Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітіріп, 2006 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін және 2017 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын тәмамдады. Мамандығы бойынша филолог, заңтану бакалавры.
Бұдан бұрын ол Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының басшысы қызметін атқарған.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика