Қарағанды қаласында дәстүрлі IX Қасым Аманжолов оқулары бастау алды

24 октября 2019

24 қазанда Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ…» атты республикалық дәстүрлі IX Қасым Аманжолов оқулары бастау алды. Аталмыш жыр додасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылуда.

Биылғы Қасым оқулары 2 номинация бойынша жарияланды: «Жас даурен» номинациясында — Қасым Аманжоловтың әндерін жас әншілер шырқап, өз бақтарын сынайды. Ал «Дүниеге келер әлі талай Қасым…» номинациясында республикамыздың түкпір-түкпірінен келген жас шайырлар жыр бәйгесіне түседі.

Жалпы байқауда 16 мен 32 жас аралығындағы үміткерлер бақтарын сынайды. IX Қасым Аманжолов оқуларына Қарағанды, ШҚО, БҚО, СҚО-нан барлығы 48 өтінім түскен.

Биылғы жылдың Қасым оқуларының әділқазылар алқасы құрамында ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің бас жүлдегері, «Қазақстан жазушылар одағы» Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы және әділқазылардың төрағасы, ақын-жазушы, «Қазақстан Жазушылар Одағы» Қарағанды облысық филиалының төрағасы, «Қасым» республикалық әдеби-қоғамдық журналының бас редакторы Серік САҒЫНТАЙ сынды есімі Алашқа белгілі ақын-жазушылар енді. «Жас дәурен» номинациясы бойынша үміткерлердің өнерін бағалайтын «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті — Елбасы қоры сыйлығының лауреаты Сержан Мұсайын және Қазақстанның мәдениет қайраткері, Қ. Байжанов атындағы КБ әншісі Дәуренбек Әркенов

Дәстүрлі Қасым оқулары ақын есткерткішінің алдына гүл шоқтарын қоюмен басталды.

 


Бөлісіңіз:


Обсуждение закрыто.

Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика