Қарағанды қаласында Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына арналған «Домбыра Party» ұйымдастырылады

5 марта 2016

Әлихан Бөкейхановтың Ахмет Байтұрсыновқа жазған хатыАлаш жұрты, Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы құтты болсын!
Қазақтың қазақ болып қалуы мен бүгінде азаттық алуы, Әлихан бастаған Алаш арыстарының арқасында мүмкін болды. Осыдан жүз жылға жуық уақыт бұрын, ел басына күн туыған қилы заман орнағанда ұлт жолында ұйыса білген зиялы қауым өкілдері, бүгінгі Қазақ Республикасының негізін қалап берген еді. Шекарамыз нақтыланып, ұлтымыз «ҚАЗАҚ» деген өз атауын қайтарып алған да сол кезең.
Бүгін Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілуде. Бұл тек бастамасы ғана. Жыл бойына, Ұлт көсемін ардақтаған әлі талай шаралар ұйымдастырылады деген сенімдеміз. Тарихшыларымыз Әлиханның өмір жолында ашылмаған тұстар зерттеп, тың жаңалықтарды халыққа ұсынар, өскелең ұрпақты патриоттық бағытта тәрбиелеу мақсатында әлі де талай жұмыстар атқарылар.
Бұл тойдың түпкілікті иесі қазақ халқы. Барлық жұмысты үкіметтің мойынына артып қойып, қарап отыруға болмайды. Әлихан ең алдымен қазақтың баласы, ұлттың ұланы. Алаш арысы Міржақып Дулатұлы: «Заманымызға қазақ үшін өмірін, білімін жұмсап, ауыр жазаларға кіріптар болып, жанын қиып жүрген күллі қазақ халқына бірінші дерлік жан басшымыз – Әлихан Бөкейхан» деген екен. Ал қазақ поэзиясына тың жаңалықтар алып келген  Мағжан Жұмабайдың «Мен жастарға сенемін» деген жыр жолдары бар емес пе? Демек ұлттың келешегі, мемлекеттің дамуы мына біздің қолымызда тұр. Әлихан бастаған Алашордалықтар бізге сенім артып кетті. Соны ақтай білейік.
Дауылпаз ақын Қасым Аманжолов атындағы «Қасым.kz» порталы жанынан, «Болашақ» Академиясының қолдауымен ашылған «Жас журналистер» клубының мүшелері наурыз айының алтысы күні ( жексенбі), сағат 15:00-16:30 аралығында «Таир» сауда қаласында («Таир 2»; 2-қабат; «Сафари парк») «Домбыра Party» ұйымдастырады. Қазақтың төл аспабын насихаттау әрі жастарды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырып отырған шараға қаламыздың өнерпаздары мен тұрғындары бір кісідей қолдау көрсетеді деген сенімдеміз.
Анықтама телефоны: 8 777 890 78 87 (Нұрлыхан Қалқаманұлы)

«Қасым» порталы


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика