ҚАНЫШ БАЛАБЕКОВ «1+2»

11 декабря 2018

Бұл көрмеде шығармашылықпен қатар болашақ ұрпаққа тәрбие беруде белсенді ат салысып жүрген Қаныш Балабеков және Мәдихан Қалмаханов Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік универистетінде сабақ берсе Даулет Ізбасаров гуманитарлық колледжде сабақ береді. Сонымен қатар бұлардың шығармашылығы тақырыбы жағынан да стилі жағынан да бір-біріне ұқсас: үшеуі де классикалық мәнерде, тақырыпты анық ашып көрсетеді, композицияны дәстүрлі құру жағынан да ұқсайды.

Сонымен қатар олардың әрқайсы монументальды сәндік мүсін жасаумен айналысады, бұл бүгінгі күнде біздің қаламызда белсенді орын алып отыр. Көрменің бұлай аталу себебі бұның бастамашысы Қаныш Балабеков, ол өзінің достарынан оны қолдауын өтінді, достары оған қолдау жасады.

Бұлардың шығармашылығының басты тақырыбы – халық құндылы мен ата — дәстүрімізді көрсету, бүгінгі күнде басты мәселенің бірі. Олар дала өмірінің рухын, оның көркем келбетін, бостандықты дәл бере білген. Бұл тарихи тақырыптағы композицияда ерекше көрініс тапқан «Қызыққа тоймас адамзат», «Хан көтеру» (Қ.Балабеков), сонымен қатар дала халқының өмірі мен тұрмыс-салтын дәріптейтін полотнолар да бар: «Жеті қазына», «Тарих парақтары» (Қ.Балабеков), «Қасиетті пиала», Триптих «Бабалар мұрасы» (М.Қалмаханов), «Қансонар», «Күз» (Д.Ізбасаров). Бұл пейзаждар халықтың табиғатқа деген дәстүрлі көзқарасын ғана көрсетіп қоймайды сонымен қатар шығармалардағы кейіпкерлердің мінез құлқын ашу үшін де қажет. Әсіресе Қ.Балабековтың шығармаларында тарихи тұлғалардың портреттері пейзаждық көріністер ерекше көрсетілген. Тәуелсіздік үшін күрескен Кенесары бейнесі қошқыл түнерген аспан аясында жанып жатқан оттың қасында қасында бейнеленген. Елі мен жұртының бостандығын аңсаған Асан Қайғы философ, абыз ақын. Елінің сулы-нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып еркін өмір сүруін аңсады. Бұл мұратын ол «Жерұйық» деп атады.

Негізінен экспозицияда бабалар мұрасына деген заманауи көзқарасты бейнелеген, кейбірі тіпті ұмытыла жаздап, бүгінгі күнде қайта жаңғырып жатқан ата-баба дәстүрі.

Көрме 12 желтоқсан күні сағат 16.00 де ашылады. 23 желтоқсанға дейін жалғасын табады.


Бөлісіңіз:


Обсуждение закрыто.

Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика