Қалжың соңы қасіретке ұласпасын…

19 февраля 2017

Соңғы уақытта әлеуметтік желіде «Көк кит» ойыны кең талқыға салынды. Тіпті оның шырмауына түскен қазақстандық оқушылар туралы да деректер пайда болды. Құзырлы органдар қажетті тексерулер жүргізіп, қаніпезерлер топтасқан топтарды ауыздықтауға күш салды. Бірақ мәселенің басқа жағы да бар екен. «Көк кит» туралы ақпаратты тарата отырып, балалардың психологиясын ескеруді естен шығарыпыз…

«Бұл оқиға Семей қаласындағы мектептердің бірінде орын алған. Әлеуметтік желі арқылы «Көк кит» пен ойынның шарттары жайлы мағлұматтарды оқып алған жоғары сынып оқушысы өзінің сыныптасымен әзілдеспекке бекінеді. Оның ұялы телефонына түрлі тапсырмалар жіберіп, орындауын талап еткен.
«Жасөспірім әуелде оның ЖСК жібереді. Артынша мекен-жайы мен оған қатысты ақпараттарды жолдайды. Бір сыныпта оқығандықтан бұл ақпараттар жасөспірімге жақсы таныс болған. Кейін «Сені 9 қабатта күтемін. Сен өлесің» деген хабарлама жолдаған. Бұл хабарламалардан соң оқушы қыз қатты қорқып қалады. Аброй болғанда ақымақтық қадамға бармай, өзінің ұстазынан көмек сұраған. Ал ол бізге хабар берді», — дейді Семей қалалық прокуратураның әлеуметтік-экономика саласындағы заңдылықты бақылау жөніндегі бөлімінің жасөспірімдер жөніндегі аға прокуроры Лаура Тугелова.

Мамандар мәселені дереу қолға алады. Тексеру барысында хабарламаның оқушы қыздың сыныптасы жібергенін анықтаған. Ол бұл қадамға әзілдесу мақсатында барғанын жеткізді.
«Жақында Семей қаласында суицид тобының кураторы пайда болды деген ақпарат тарап кетті. Біз бұл ақпаратты тексеріп шықтық. Тексеру барысында қалада өлім тобының кураторлары жоқ екені анықталды. Біздің мәліметімізше Семей қаласының 300-ге жуық азаматы аталмыш топтарға тіркелген, ал 9 бала тапсырмаларды орындауға кіріскен. Бірақ біз дер кезінде оларды тоқтаттық. Ал бұл оқиғаның өлім тобына тікелей қатысы жоқ», — дейді Лаура Тугелова.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика