Қаланың қақ ортасында бейәдеп видео көрсетілді

11 декабря 2017

Қарағандыда белгісіз біреулер аялдамаларда орнатылған барлық мониторларға кибершабуыл жасап, әлеуметтік роликтердің орнына бейәдеп фильмдерді қосып қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала жастары әкімдік жанындағы «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» аялдамасында көрсетіліп жатқан видеоны ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желілерге орналастырған. Бұдан кейін Қарағанды қаласының әкімдігі барлық көшедегі мониторларды дереу сөндірді.

«Бұл хакерлік шабуылдың салдарынан болды. Аялдамаларда орнатылған мониторлар қазіргі уақытта желіден ажыратылды. Полиция «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қаскөйлер іздестірілуде», — деп мәлім етті Қарағанды әкімдігінен.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика