Қайрат Нұртастың басы тағы дауға қалды (видео)

19 февраля 2018

Бауыржан Рахымбековтің айтуынша, Қайрат Нұртас оның әнін рұқсатсыз орындап жүр. Бірақ Қайрат та, анасы да бұл шағымға мән бермейді. Анасы әркімге пиар жасап беруден шаршағанын айтады.

Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

“Кейде біреулерге қара пиар керек болады. Шуласып, ән менікі десе ол адамның аты шығады. Өзім естіп отырып, жағамды ұстағанмын. Біреуден: “Біз қалай пиар жасаймыз?” деп сұраса: “Ол үшін Қайратқа тиісу керек”, – депті. Халықтың Қайратты жақсы көретінін біледі. Оған қатысты нәрсеге халықтың шулайтынын біледі. Сондықтан да көбісі Қайратқа тиісіп жататыны рас”, – дейді Айдарбекова.

“Оны білемін. Ол жағдайдың жалғасып келе жатқанына бірнеше жыл болды”, – дейді Айдарбекова.

Бірнеше жыл бұрын Бауыржан Рахымбеков түрік әншісі Сердар Ортачтың әнін қазақ тілінде орындауға бел буған. Сөйтіп ақын Құрманай Бақтиярқызына сөз жаздырып, көпшілікке ұсынды. Алайда Бауыржанның орындауында ән хит болмады. Арада бірнеше жыл өткен соң Қайрат аталған әнге тағы да Құрманай Бақтиярқызына сөз жаздырып алады.

“Бұл түріктің әні. Маған да ұнады. Кезінде Бауыржан Рахымбековке жазып бердім. Кейін Гүлзирадан ұсыныс түсті. Бұл әнді бірнеше адам айтып қойды деп оған ескерттім. Бірақ ол: “Әркімнің өз орындауы бар. Түріктің әні – ортақ ән. Көрейік”, – деді. Кейін Бауыржан Рахымбеков те Гүлзираға звондап сөйлескен. Бірақ ол: “Түріктің әні ғой. Біз де жазып көрейік”, депті. Шынында Бауыржан оны бір сазгерге апарып жаздырған жоқ”, – деп түсіндірді мәтін авторы Құрманай Бақтиярқызы.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика