Қайрат Нұртастың әйелі жарына ерекше құттықтау жолдады

26 февраля 2018

Мальдив аралдарынан шығып, Дубайға бет алған Қайрат Нұртас туған күнін шетелде келіншегімен бірге қарсы алды. Жұлдыз Әдбікәрімова жаңа жасқа келген жұбайын ерекше сөздермен құттықтап, ізгі тілегін жаудырды, — деп хабарлайды sn.kz

“Жүрегімнің иесі, отағасы, дүниеге келген күніңмен құттықтаймын! Сенің бойыңнан көшбасшылық қасиетпен қатар қарапайымдылық, сабырлық, еңбекқорлық пен мейрімділік бар. Сондықтан, әрі қарай көздеген шыңдарыңды бағындырып, діттеген мақсаттарыңа, аңсаған армандарыңа жететініңе сенемдімін! Ең бастысы денің сау болсын. Басыңнан бағың таймасын. Алла абройыңнан айырмасын. Адал достарың көп болсын! Біз сені шексіз сүйеміз! Біз әрқашан сенімен біргеміз! Мама, Алланың қалауымен дүниеге ел азаматын әкелгеніңіз үшін рахмет! Папа, мама сіздер аман болыңыздар!” – дейді Жұлдыз өзінің istagram-парақшасында.

Жұбайлар туры Дубаймен біткелі тұрған жоқ. Олар Арабиядан кейін Түркияға тұрақтап, Анкара, Анталия, Стамбұлда арнайы жеке ән кешін өткізбек.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика