Қадыр Мырза Әли: Мұқағалидің мұңы

5 сентября 2018

ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛИ:

Бұдан бірнеше жыл бұрын, Мұқағали радиода диктор болып істеп жүрген жерінен бәрін тастап, ауылына тайып тұрады. Ол — үлкен бір мақсатқа қол созар алдында ойланып жасалған саналы жоспар еді. Сондықтан да ол да қарап жатқан жоқ. Менің болжауымша ол ауылда жүріп ішіп те жарытпаған шығар. Оқумен, ізденумен, жазумен шұғылданып, енді астанасыз болмайды-ау деген кезде Алматыға қайтып оралады. Жай ғана оралған жоқ, көшіп келді. «Жұт — жеті ағайынды» дейді қазақтар. Осы кезде Мұқағалидың тағдырында қат-қабат қиындықтар пайда болады. Бір баласын мотоцикл қағып өлтіреді. Орталық Партия Комитетінің ресми органы болып табылатын «Социалистік Қазақстан» газетінде тұрақты қызметкер ретінде қызмет істеп жүреді. Сол үшін елге барып өтіп келген партиялық билетін жоғалтады. Онысын ол кезінде партия ұйымына айтып, қалпына келтіруге әрекет етпейді. Дәлірек айтсақ, айтуға тәуекелі бармайды. Қорқады. Сөйтіп жүріп бірнеше айдың партиялық жарнасын төлемейді. Өстіп тығырыққа тіреліп, не істерін білмейді. Мұның бәрін мен ойдан шығарып отырғаным жоқ. Қысқасы, қасіреттің қара бұлты қалыңдай түседі, қалыңдай түседі. Мұқағалидың жарық күні сол қара бұлттың астында енді қайтып шықпастай ұзаққа жоғалады. Басын тауға да, тасқа да соғады. Миы әбден ашиды. Ашыған ми бір күндері енді қайтып жоламаспын деп жүрген сыраханаларға қақпайлап әкеледі.. Арақ деген әзәзіл мойнына мініп алады. Абырой шайқала бастайды.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика