Қабірлерді тонаған адам ұсталды

21 сентября 2017

Қашыр ауданына қарасты ауылдардың бірінде зираттарды тонайтын ұры пайда болған. Марқұмдардың басына барған тұрғын жантүршігерлік көріністен соң полицияға шағымданыпты. Жедел іздестіру шаралары барысында баукеспе ұсталды. 

20 жастағы азамат жеңіл ақша табу мақсатында зират басындағы ескерткішер мен қабірлердің металл қоршауларын қолды қылумен айналысқан екен. Қазіргі таңда жас жігіт қолына кісен салынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика