«Jyr qagany» Қарағандыда

12 Наурыз 2018

17 наурыз күні сағат 15:00-де  Қарағанды қаласында Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында ақындар арасындағы   «Jyr qagany» атты поэтикалық дуэль өтеді. Бұл туралы ақын Жанат Жаңқашұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

«Алматы «Жыр қағанының» эстафетасын бізге берген. Содан эстафета алауын қызықтап біраз жүрдік. Сәті наурыздың 17-не түсті. Жазушылар Одағының Қарағанды облыстық филиалының идеялық қолдауы арқасында. 
Атымтай жомарт жиенім Бекзат Алтынбеков бір сөзімізді жерге тастамай, «қолдаймын» деп дем берген соң бізде қорқыныш жоқ. «Жиен жайлы болса жұрт, желке майлы болса ас болады» деген рас! Жайлы жиенге мың алғыс! Әкімшілік тарапынан қолдау көрсеткен дос-бауыр Дулат Аманжолдың атасына рахмет!
Баршаңызды шақырамыз «Дуэльге»))) Келіңіздер, Қарағандының қия шалған жас қырандарын көріңіздер! Қатысып, бақ сынаймын дейтіндерге есік ашық. 16 дейін ашық )) Жас мөлшері 17-25 жас.
Эстафетаны қабылдап алатын Тараз тарапынан Азамат Есалы ағам келеді», – деп жазды Жанат Жаңқашұлы. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика