Із-түссіз жоғалған 15 жастағы қыз ғашығымен бірге табылды

1 сентября 2017

Көкшетауда із-түссіз жоғалған 15 жастағы қыз табылды. Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

ІІД  баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 2017 жылдың 29 тамызында Көкшетау қаласының ІІБ кезекшілік бөліміне 23 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, өзінің 15 жастағы сіңілісі сағат 13:00 шамасында колледжге оқуға түсу үшін емтихан тапсыруға кетіп, кешке үйге қайтып оралмағанын айтқан.

Полицейлер қыздың таныстарын сұрастыра келе, оның Оңтүстік Қазақстан облысының 19 жастағы тұрғынымен танысқанын анықтаған. Жедел іздестіру шарасы барысында пойызбен кетіп бара жатқан қыз бен жігіт Қарағанды облысының Сарышаған стансасында ұсталған. Артынша үйге қайтарылған. Жасөспірім қыз өзінің сүйіктісімен бірге оның ата-анасымен танысу үшін Түркістан қаласына бара жатқанын айтқан. Қазіргі кезде кәмелеттік жасқа толмаған қыз туыстарының қолына тапсырылды.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика