Ислам әлеміне белгілі ғалым терроризмнің отын жағушы болып шықты

14 июня 2017

Бүкіләлемдік Мұсылмандар Лигасы соңғы уақытта Сауд Арабиясы, БАӘ, Бахрейн және Мысыр елдерімен бірлесе отырып терроризмге қатысы бар мүшелердің тізімін бекітті. Аталмыш ұйым бұл тізімнің ішіне танымал исламтанушы Юсуф Қардауиді қосып, оны терроризмнің отын жағушы деп айыптады, — деп хабарлады kazislam.kz

Бұған қоса, Лига Қардауидің Ислам құқықтық кеңесінің мүшелігінен алып тастап, оның исламда пәтуә беру құқынан айыруға шақырды.

Юсуф Қардауи 1926 жылы Мысырда дүниеге келген. Бүгінге дейін ол ислам әлеміне белгілі ғалым болып саналып келген. Қардауи «әл-Жазира» телеарнасының «Өмір және шариат» бағдарламасының жүргізушісі. Бұған дейін де Қардауиге «Мұсылман бауырлар» ұйымының жетекшісі болған деген айыптар тағылған.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика