ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ «11 МИЛЛИОНДЫ» ТҮСІНДІРДІ

17 февраля 2017

Жақында ІІМ заң жобасына өзгерістер енгізіп, полицейлерге қарсы шыққандарға салынатын айыппұл мөлшерін 4,5 млн теңгеден 11,5 млн теңгеге дейін өсіруді және оны орта деңгейлі қылмыстар қатарына қосуды сұраған болатын. Бұл заң жобасы Мәжілісте талқыланып, депутаттар тарапынан сынға ұшырады. Әрі әлеуметтік желі қолданушылары да  сынның астына алды. 

Алмас СадубаевПолицейге қол көтергені үшін тағайындалатын жазаны қатаңдату шарасының қажеті не? Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садуабаев түсіндіріп берді. Оның айтуынша, соңғы жылдары елімізде құқық қорғаушыларға қарсы жасалатын қылмыстардың саны ұлғайып кеткен. Тек өткен жылдың өзінде ғана 600-ге тарта қылмыстық іс қозғалыпты.
«Мемлекеттік органның барлық қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында ҚК 1 тармақ 380 бабына өзгерту енгізу ұсынылды. Яғни мұндай қылмыс жасағандарға тағайындалатын айыппұл көлемін 2 000 АЕК-тен 5 000 АЕК дейін (4,5 млн теңгеден 11 млн теңгеге дейін) өсіру, 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру және орта деңгейлі қылмыстар қатарына қосу», — дейді Алмас Садубаев өзінің «Фейсбук» парақшасында.
Оның айтуынша, заң жобасына өзгерту енгізер алдында әлем елдерінің тәжірибесі зерттелген. Өзге елдерде құқық қорғау қызметкерлерінің қауіпсіздігіне мемлекет жауап береді және заңмен кепіл берілген.
Сонымен қатар, алдағы уақытта ІІМ барлық полиция қызметкерлерін арнайы бейне тіркеу құрылғыларымен жабдықтамақ. Осы арқылы істің ақ-қарасын анықтауға жол ашылады.

«Қасым — Ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика