I-ші Халықаралық Форумы

8 февраля 2019

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Жас ғалымдардың отандық агроөнеркәсіптік кешенінің индустриалды-инновациялық дамуына үлесі» I-ші Халықаралық Форумы

2019 жылдың 11 ақпанында Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев жариялаған Жастар жылы аясында «Жас ғалымдардың отандық агроөнеркәсіптік кешенінің индустриалды-инновациялық дамуына үлесі» I-ші Халықаралық Форумы өтеді.
Форумының мақсаты – Қазақстан Республикасының аграрлық ғылымы мен агроөнеркәсіптік кешенінің маңызды міндеттерін шешуде жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігін дамыту және интеллектуалды күштерін біріктіру.
Форумда агротуризм, өсімдік шаруашылығындағы агроинновация, табиғи ресурстарды басқару, жаңа технологиялар және агротехникалық құралдар, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, ветеринария, жасыл экономика, су ресурстарын басқару бағыттары бойынша ҒЗТКЖ (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар) нәтижелері мен жастардың «start-up» жобалары таныстырылады.
Форум жұмысына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ, Ғылыми-зерттеу институттары мен «Даму» қорының өкілдері, аграрлық жоғары оқу орындарындағы Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері, Қазақстанмен қатар Түркия, Польша, Сербия, Болонья, Ресей, Украина, Тәжікстан, Әзірбайжан, Өзбекстан және т.б. елдерінің білікті мамандары мен жас ғалымдары қатысады.
Форумда жас ғалымдардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін тәжірибе алмасулар, мастер-класстар өтеді. Форум форматы білікті мамандар мен жас ғалымдардың бір-бірімен пікір алмасып, ғылыми-шығармашылық байланыстарын дамытуға бағытталған.
Форум аясында университетте дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Халықаралық қысқы мектеп-2019» (11-23 ақпан аралығы) шарасы ресми ашылып, өз жұмысын бастайды.

Форумның ашылуы:
11 ақпан, 2019 жыл.Сағат: 10-00-де.
Өтетін орны:
Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8.
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің
Бас ғимараты, АгроХАБ.

ҚазҰАУ Қоғаммен байланыс және редакциялық қызмет
басқармасының бастығы
Алмат ИСӘДІЛ

тел: 8701 424 95 58
веб-сайт: www. kaznau.kz


Бөлісіңіз:


Обсуждение закрыто.

Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика