ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДАУ. Путин «гейлер» туралы алғаш рет пікір білдірді

6 мая 2017

Шешенстандағы қызтекелер дауына қатысты Ресей президенті Владимир Путин алғаш рет пікір білдірді,-деп хабарлайды Qasym.kz тілшісі шетелдік ВВС-ге сілтеме жасап.

Владимир Путин жақында РФ Адам құқықтарын қорғау жөніндегі өкілеттілікке ие Татьяна Москалькованы қабылдады.
Ресей аумағындағы «көгілдірлердің» құқығын қорғау жөнінде РФ Ішкі істер министрі мен РФ Бас прокурормен сөйлесіп, мәселенің біржақты шешімін табатынын жеткізді.

— Әрине, мен бас прокурормен, ішкі істер министрімен Солтүстік Кавказ туралы тараған ақпарат жайында кеңінен сөйлесемін. Бұл міндетті түрде шешімін табанды», — деді Путин.

Өз кезегінде Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Кадыров Москальковамен және басқа да құқық қорғау органдарының өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге уәде берді.
Әйтсе де ол Шешенстанда қызтекелердің мүлдем жоқтығына сенімді.
Айта кетейік, апта басында Германия канцлері Ангела Меркель Путинмен келіссөз жүргізу барысында Шешенстандағы қызтекелерді қуғындауды тоқтатуды өтінген болатын.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика