Халық аш емес! Мұхтар Шерім

30 мая 2018

«Президент келеді!» деген хабар жетісімен аудан әкімі ұшып-қонып «билеп» жүрді,
тыным таппай, аяғымен қара жерді илеп жүрді.

Анау жерге барды, мынау жерге барды,
кемшіліктерін көрсетіп, қарамағындағылардың сөлін сығып алды,
тіпті көлігінің үстіне шығып алды:

– Үйлерді әктеңдер, дәретханаларды сырлаңдар, қысқасы, қарап тұрмаңдар!

Президент келді. Аудан әкімі соңынан ерді.

– Мынау не? – деп сұрады президент.

– Көшедегі көпшлік дәретханасы.

– Неге екі қабатты?

– Үсті – женский, асты – мужский…

– Аудан әлі өзгермепті. Үйлер жұпыны, су мәселесі шешілмеген. Анау не?

– Дәретхана…

– Қабырғаларын қымбат мрамормен жапқандарың қалай?

– Бюджеттен бөлінген қаржыны тиімді пайдаланайық деп…

– Анау қатар тұрғандар?

– Дәретханалар….

Президент аудан әкіміне бұрылып еді, ол мұрын астынан міңгірледі:

– Дәретханалардың көптігі, халықтың тоқтығы…

Бағадан, қымбатшылықтан бастары айналған нөпір халық әкімнің сөздеріне «мас» еді, ақылы дәретханалар бос, өйткені халық аш еді…

Мұхтар Шерім


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика