Халық әндерінен шашу шашылды

16 ноября 2017

Қарағанды қаласындағы Кеншілер мәдениет сарайының төрінде халық әндерінің орындаушысы Сержан Мұсайдың жеке концерті өтті. Дәстүрлі әндерді сағынған қала тұрғындары әдемі кештің әсеріне бөленіп, ерекше рухтанып қайтты.

Сахынаның төрінде отырған Сержан Мұсайдың үкілі домбырасы мен пошымы әйгілі Әміре Қашаубаевті еске түсіргендей еді. Олай болар жөні бар. Күні кеше ғана Қ. Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің жетекші солисі Сержан Мұсай әнші Әміре Қашаубаевтың өмірі туралы көркем фильмге арналған саундтректің жазылуына қатысқан болатын. Әнші Әміре қазақтың өнерін асқар шыңға көтеріп, ту сонау Еуропаның төрінде қара домбырасын күмбірлете ән шырқап, талайды тамсандырған еді. Ән алыбының өмір жолын насихаттау мақсатында «Қазақфильм» арнайы  тапсырыс  бойынша американдық «Moving» студиясына Әміре Қашаубаев туралы картина түсіртті.  Оған голливудтық, ресейлік, латвиялық және отандық кәсіби киноиндустриялар қатысқан. Дәл осы картинада АҚШ-ғы дыбыс жазу студиясында Сержан Мұсайын   фильміде шырқалатын «Балқадиша», «Үш дос», «Бес қарагер» және «Дудар-ай» композицияларын домбырамен орындады.

Бұл туралы Әншінің өзі былай деп еске алады: «Қиындықтар туындады, әсіресе домбырамен ән айтқанымда актердің артикуляциясына дәл түсу керек кезде. Қолдың жылжуын салу өте қиын болып шықты. Себебі ондай жағдайда әннің әуені өзгереді. Қолдың ірі пландары көп емес, бірақ соның өзі менің жұмысымды күрделі етеді. Дыбыс режиссерлері алғаш рет фильмді дыбыстаған адам үшін тамаша жұмыс атқардың дейді».

Әміре туралы алғашқы фильм үлкен экранға жыл соңына дейін шығады деп жоспарлануда.

Хош, сонымен халық әндерінен шашу шашылған концертке кезек берейік.  Ән сертіне жеткен концерттің төрінен   облыс әкімі Ерлан Қошанов пен Рымбала Омарбекова, Серік Ақсұңқарұлы, ән алыбы Қайрат Байбосынов тәрізді ел сыйлаған азаматтар орын алда. Өнердің қадірін біліп, залға жиналған былайғы көрермендерде де есеп жоқ. Бұл халықтың осындай рухани кешті сағынып қалғанының айғағы тәрізді болды бізге.

Кеш қонақтары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Клара Төленбаева, Тәттәмбет атындағы академиялық халық аспаптары оркестрі болады. Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбдуғалисын Шоқанбаев.

Сержан сері тыңдармандарын көп күттірген жоқ. Аққудай сырғып, «Сұржекеймен» бір қылаң берді де, «Екі жиреннің» бірін мініп, бірін жетектеп өтті.

Қазақ пен домбыра ежелден егіз ұғымға айналып үлгерген жоқ па?! Тіпті домбыра үнін естіген қай қазақтың болмасын қаны ойнап, ерекше руханып қалатыны шындық. Хас шебердің қолынан шыққан қара домбыраның көмейінен төгілген күй көз алдыңа сайын далада, еркін ойнап өскен балғын шақты алып келеді. Еріксіз елтіп, тәтті елестің соңынан қуып бересіз. Содан да болар, халқымыз осы бір киелі өнердің иелерін ерекше құрмет тұтып, төбеге көтерген. Бұл үрдіс бүгін де ұмытлмаған екен. Кеншілер сарайына жиналған қалың қауым Сержан әншіні қошеметке бөлеп, көтеріп әкетті. Тыңдарманның қолдауы қай әншіге болмасын шабыт шақырып, тың күш сыйламай ма?! Осыдан соң әншінің екінші тынысы ашылып, төгілген күй мен шырқалған ән қалықтап аспанға жеткендей болды.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика