Головкин жеңілмейтін бестікке кірді

5 марта 2017

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жеңіліп көрмеген боксшылардың ТОП-5-тігіне енді. Ол осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста 36 кездесу өткізіп, оның 33-ін нокаутпен аяқтаған. Орта салмақ тарихындағы ең үздік спортшылардың бірі. «BoxNation» телеарнасы жасаған тізімде Головкин 4 орынға тұрақтаған.

головкин геннадий
BoxNation телеарнасының мәліметі бойынша, Головкинді жеңуге бұл салмақта тек мексикалық Сауль «Канело» Альварес қана қауқарлы.

BoxNation рейтингі:

1. Роман Гонсалес (46-0)
2. Ваенхонг Менайотин (45-0)
3. Деонтей Уайлдер (38-0)
4. Геннадий Головкин (36-0)
5. Майки Гарсия (36-0)
6. Хильберто Рамирес (34-0)
7. Дэнни Гарсия (33-0)
8. Терри Флэнаган (32-0).


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика