Ғалымдар адамзатқа жаңа қауіп төнгенін мәлімдеді

12 Наурыз 2018

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемді жаңа жаһандық індет жайлауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды РИА Новости.

Қазір ғалымдар аурудың тарауына әкеп соғатын ең көп таралған патогендерді зерттеп жатыр. Олардың айтуынша, бұл адамзатқа бұрыннан белгілі вирустық геморрагиялық індеттер (Эбола, Ласса және тағы басқа) немесе әлі анықталмаған инфекция болуы мүмкін. 

Аты да заты да белгісіз аурудың пайда болуына себепші болатын «қайнар көздер» жетерлік: бұл мутацияға ұшырап тұратын белгілі инфекциялар, мәселен Зика вирусы, және жануарлардан адамға жұғатын зоонозды инфекциялар. Сондай-ақ жасанды вирустар – биологиялық қару да адамзатқа қауіп төндіреді. 

Сарапшылар кез келген қатерге дайын болу үшін «Икс ауруымен» күресудің әдістерін жан-жақты талқылап, әзірлеп жатыр. Әйтпесе, ДССҰ ескерткендей, жаңа індет ХХ ғасырдың басындағы «испанка» тұмауы сияқты адамзатты қырып-жоюы мүмкін. «Испанка» тұмауынан екі жыл ішінде бірнеше ондаған миллион адам көз жұмған еді.

Дереккөз: sputniknews.kz


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика