Францияда президент сайлауына келгендер шұғыл эвакуацияланды

7 мая 2017

Париж қаласының орталығындағы Лувр алаңында азаматтардың өміріне қауіп төнуіне байланысты шұғыл эвакуациялау шарасы қолға алынды, — деп хабарлайды Qasym.kz Associated Press басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, бұл туралы Эммануэл Макронның жақтастары мәлімдеген. Олар алаңда Франция президенттігіне үміткер Макронның жеңісін тойлауға жиналған. Артынша алаңда «жарылғыш зат» табылып, белсенділер шұғыл қауіпсіз аймаққа көшірілген. Кейін алаңда табылған сөмкенің ішінен  камераға арналған аккумулятор шықты. Оны сол маңдағы журналистердің бірі ұмытып кеткен болуы мүмкін. Соңғы деректер бойынша, алаңнан 300 адам эвакуацияланған.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика