ЕТ НЕГЕ ҚЫМБАТТАП ЖАТЫР?

6 марта 2017

ҚР Ұлттық экономика министрінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева елдегі азық-түлік бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді.

«Ұлттық экономика министрлігі азық-түлік бағасының өзгеруіне қатысты ақпараттарды үнемі назарда ұстап отыр. Әрине ең алдымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын бақылап отырмыз. Жыл басынан бері олар бар болғаны 2 пайызға артқан. Қой еті мен сиыр етінің бағасыт да қымбаттады. Ал көкөністер арасында картоп, пияз және орамжапырақ бағасы жоғары болып тұр», — дейді Самал Ибраева ОКҚ өткен брифинг барысында.

Оның айтуынша, азық-түлік бағасының өсуіне оларды сақтау қызметіне жұмсалатын шығынның артуы себеп болып отыр. Ал ет бағасының қымбаттауына жем-шөп бағасының қымбат болуы мен көлік шығындарының көптігі әсер етуде.

Қазіргі таңда ҚР ҰЭМ тарапынан сауданы бақылауда ұстау мәселесі жөніндегі заңнамаға өзгеріс енгізу туралы ұсыныстар дайындалған. Олар бағаны қолдан қымбаттатудың алдын алуға бағытталады.

Сұлтан Жомартұлы,

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика