Есер ұл анасын балталап өлтірген

9 мая 2017

23 сәуір күні Қарағанды қаласында болған қанды оқиғаға қатысты жаңа деректер пайда болды, — деп жазды stan.kz

Соңғы рет подъезд тұрғындары 55 жастағы әйелді 21 сәуір күні көрген. Оны алғашқылардың бірі болып көрші ауданда тұрып жатқан әпкесі Макарская іздеген екен. Туыстар жексенбіге дейін телефон арқылы сөйлесіп келген. Артынша Елена байланысқа шықпаған. Осыдан кейін әпкесі мен қызы оны пәтеріне іздеп барады. Бірақ есікті ешкім ашпайды. Макарская сіңілісінің үйде болуы керектігін білгендіктен, уайымдай бастаған. Бірден полицияға хабарласқан.

Балконға қарама-қарсы төсекте пәтер қожайыны жатқан. Басын біреу балталаған екен. Қылмыскер оны ұйықтап жатқан жерінен өлтірген. Сол себепті көршілері ешқандай дауыс естімеген. Басты күдікті деп Макарскаяның жалғыз ұлы танылып отыр.

Көршілері Игорь Макарскийдің анасын ғана емес, көршілерін де әуреге салғанын айтып жатыр. Ол ұзақ уақыт ұрлықпен айналысып келген екен.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика