Ерлан Қошанов Наурыз мейрамы қарсаңында қарағандылықтарға ерекше сый жасады

22 марта 2018

Жаңа пәтерлерге 21-ші наурызда бір дегенде 192 отбасы қоныстанды. Пәтерлердің кілтін Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов табыс етті. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.


Б. Момышұлы көшісі бойындағы тұрғын үй кешенінде алғашқы болып жаңа пәтерлерді көпбалалы жанұялар, отбасында мүгедек балалар барлары, сондай-ақ толық емес отбасылар алды. Олар «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ арқылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысты. 

— Бұл жаңа үйлердегі пәтерлер тамаша, — деді аймақ басшысы. – Мұнда жақын арада мектеп, балабақша, емхана, дүкендер мен жайлы өмірге қажетті барлық инфрақұрылым пайда болады. Келешекте бұл аудан Қарағандының орталығына айналады. Әр отбасы үшін баспанаға ие болу үлкен арман, жәнеде бүгінгі күні ол армандар орындалып жатыр. Барлықтарыңызға Наурыз мейрамы бақыт пен жақсылық сыйласын деп тілеймін. Жаңа қоныс – ол тек сіздердің ғана қуаныштарыңыз емес, оған біз де – қала, облыс басшылығы қатты қуанамыз, себебі Елбасы алдымызға үлкен міндет қойды: аймақтың тұрғындарының әлеуметтік өмір деңгейін көтеру. Ол үшін біз жұмыс істеуіміз қажет. Ең басты және қиын міндет – барлық мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету. 

Жаңагүл Алданазарова, бастауыш сынып мұғалімі және көпбалалы ана, баспана алуға кезекте 2010-шы жылдан бері тұрған. Бүгін облыс әкімінің қолынан армандаған кілтін алып, ол «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алғаны үшін алғысын білдіріп, Ерлан Қошановты қонаққа шақырды. Қоныстанған отбасының дастарханы ұлттық тағамдардан жайнап тұрды. 

— Бұрын біз кішкентай пәтерде Майқұдықта, 13-ші ықшам ауданда тұрдық. Қазіргі жаңа пәтеріміз үлкен, 70 шаршы метр. Мұнда барлығымызға жайлы болады, — деді Жаңагүл.

Келесі оқу жылы қарсаңында жаңа ықшам ауданда 1200 орынға шақталған мектеп ашылады. Үйлердің төменгі қабаттарында емхана мен мектепке дейінгі бүлдіршіндерге арналған шағын орталықтарға орын қалдырылған. 
Күн жылыған бетте аулалар абаттандырылатын болады: асфальт төселіп, жарық шамдары орнатылып, балалар алаңы құрылады. 
Барлығы жаңа тұрғын үй кешенінде 1125 пәтер бар. Жыл соңына қарай барлық үйлер салынып бітіп, қолданысқа берілмек. Ғимараттардың жалпы ауданы – 83 503 шаршы метр, оларың 59 532-і – пәтерлердің ауданы. 
Қазір облыс орталығында баспанаға кезекте 15 714 адам тұр. Олардың арасында жетімдер, мүгедектер, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген азаматтар, мүгедек балалары бар ата-аналар, созылмалы дерттерге шалдыққан тұлғалар, көпбалалы және толық емес отбасылар, мемлекеттік қызметкерлер және басқалары бар. 
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы бірнеше бағыттардан құралады және қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайларының сапасын жоғарылатуға, ипотекалық несиелеу секторды ынталандыруға арналған. Бағдарламаның мақсаты – азаматтарға өз баспанасын алуға көмектесу болып табылады.

Фото Линар Галимовтікі


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика