Ерлан Қошанов еш ескертусіз емханалардағы кезектерді тексеруге шықты

12 июня 2017

Бүгін Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов еш ескертусіз «Көгілдір тоған» шағын ауданында орналасқан №4 емхананы тексеруге аттанды. Аймақ басшысы емделушілерден бұл мекемеде көрсетіліп жатқан медициналық қызметке көңілдері толады ма, жоқ па, жәнеде кезекті қаншалықты ұзақ күтетіндерін сұрады,-деп хабарлайды Qasym.kz тілшісі. 
— Менің интернет-блогыма емханалардағы ұзын сонар кезектерге шағымдар жиі келіп түседі, — деп түсіндірді өзінің емханаға аяқ асты келген әрекетін аймақ басшысы. – Мен егер келетінім туралы алдын ала ескертіп қойсам, ол жерде барлығын ретке келтіріп қоятынын түсінемін. Сондықтан осылай тосын түрде аралап шығып, емделушілердің кезегін өз көзіммен көріп қайтуды ұйғардым.
Дегенмен, емхана өтеберісінде ұзын кезектер болған жоқ. Облыс әкімімен әңгімелескен науқастар керемет ұзақ кезек болмайтынын айтты.
— Бізде барлық емделушілер дәрігерге жазылу арқылы ғана келеді, — деді емхана директоры Салтанат Шайдарова. – Егер жедел оқиға болса, науқасты кезексіз қабылдаймыз. Сонымен қатар бізде «Ашық есік күні» болады. Ол кезде біз емделушілерді жазбасыз, сенбі күні қабылдаймыз.
Емхана емделушілері шағымданған негізгі мәселе қоғамдық көліктің сирек жүретінімен байланысты болды.
— Мұнда тек бір ғана автобус жүреді, оның өзі жоғалып кетеде, — деді әкімге емханаға келушілердің бірі. – Мен кеше күні бойы отырдым осында, алайда мен күткен автобус ақыры келген жоқ. Міне, бүгін де үйіме қайта алмай бір сағаттан астам уақыт бойы отырмын. Ал қоғамдық көліктер көп жүретін басқа аялдамаға жету мен үшін қиынға соғады. Мен 70 жастамын, мүгедекпін. Әсіресе қыс айларында қатты қиналамыз.
Ерлан Қошанов бұл мәселені шешуге уәде берді. Оның айтуынша қаламызда қоғамдық көліктерге қатысты мәселелерді саралайтын арнайы топ жұмыс істеп жатыр. Комиссия мүшелері автобустар қаншалықты өз кестелеріне сай жүретінін анықтайды.

«Қасым-ақпарат»


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика