Ер адам туған анасы мен әйелін бауыздап тастаған

26 февраля 2018

Оңтүстік Қазақстан облысында ер адам өзінің туған анасы мен әйелін асқан жауыздықпен өлтірген. 

Қанды оқиға 23 ақпан күні Ордабас ауданына қарасты Шұбарсу ауылында орын алған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ер адам әуелі әйелін өлтірген. Артынша көмек сұрап қашып шыққан анасына да пышақ жұмсайды. Олардың отбасында кішкентай ер бала қалыпты.

Қылмыскерді мұндай қадамға баруға не итермелегені белгісіз. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика