Ер адам пәтер өртінің құрбаны болды

14 августа 2017

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Степное ауылында өрт оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 31 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»

 ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт оқиғасы сенбіден жексенбіге қараған түні тіркелген. Түтінді байқаған көршілері бірден өрт сөндірушілерді шақырған. Ең жақын өрт сөндіру бөлімі аталған ауылдан 6 шақырым жерде орналасқан. 

«Өртенген үйге жеткен өрт сөндірушілер бірден іске кірісті. Алып бара жатқан өрт те жоқ еді. Жалынның барынша көрші үйді шарпып кетпеуін қамтамасыз еттік. Өрт шыққан үйден 31 жастағы жігіттің денесі табылды. Ол осы үйді жалдап тұрып жатқан», — дейді аудандық №1 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Руслан Әбдіхалықов.

Болжам бойынша, ер адам үйден шығып кетуге тырысқанымен, ащы түтінді көп жұтып қойғандықтан, шыға алмай қалған.

«Өрт 100 шаршы метр аумақты құрады. Оттың шығуына темекі шегу кезіндегі абайсыздық себеп болуы мүмкін. Көп жағдайда осындай абайсыздық адамдардың өмірін қиып жатады», — деді баспасөз өкілі.

 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика