Ер адам лайк жинау үшін туған ұлын өлтірмек болды

22 июня 2017

Әлеуметтік желіде неғұрлым көп лайк жинау мақсатында туған ұлының өмірін қатерге тіккен еркек ұсталды. Алжир мемлекетінің тұрғыны баласын 15-қабаттағы пәтердің терезесінен сыртқа шығарып, желі қолданушыларын лайк басуға шақырған.

Суретті «Фейсбук» желісіне жүктеген жігіт оның астына  “1000 лайк болсын, әйтпесе оны төменге лақтырып жіберемін»  деп жазған.

Туған баласының өмірін қатерге тіккен әкенің әрекеті желі қолданушыларының наразылығын туғызды. Артынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл суретке назар аударып, қылмыскерді ұстады. Алайда ол суреттің шынай еместігін, фотошоп арқылы жасалғанын айтып ақталған. Бірақ сот оны бәрібір де кінәлі деп тауып, екі жылға бас бостандығынан айырды.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика