Ер адам қарындасын екі жыл бойы зорлап келген

9 апреля 2018

Ақтөбе облысының арнайы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында 31 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс аяқталды. Ол 14 жастағы қыз баланы зорлады деп айыпталған болатын. Жабық түрде өткен сот отырысында судья оны кінәлі деп тапқан.


Ақтөбе облысында қарындасын екі жыл бойы зорлаған ер адам сотталды. Ақтөбе облысының арнайы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында 31 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс аяқталды. Ол 14 жастағы қыз баланы зорлады деп айыпталған болатын. Жабық түрде өткен сот отырысында судья оны кінәлі деп тапқан деп хабарлайды Timeskz.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.
14 жастағы қыз қылмыскер әйелінің сіңлісі болып келеді. Екі отбасы да Ақтөбе облысына қарасты Мартық ауданындағы елді мекенде бір шаңырақ астында тұрған.
Зардап шеккен жасөспірім анасының айтуынша, ер адам кішкентай қызды жыныстық қатынасқа бірнеше рет мәжбүрлеген. Ол кішкентай қызды «келіспесең, таңертен оянбай қалуың мүмкін» деп қорқытқан. Сол себепті қыз бала туғандарына айтуыға қорқып қалған көрінеді.
Сот үкімі кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адамға 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Оған қоса ол, жасөспірім өкілдеріне 1 милллион теңге көлемінде моральдық өтемақы мен 150 мың теңге материалдық шығын төлеуге міндеттеледі.
Сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол істі аппеляцияға беретінін мәлімдеді.Сонымен қатар, сот облыстық білім басқармасына да жеке қаулы шығарған. Тергеу барысында тоғызыншы сынып журналында қыз бала мектепке бармаған күндерінде оның жоқ екені жазылмаған болып шықты. Ол аздай, сабаққа келмеген күндерінде оған тіпті бағалар қойылған.
Сот облыстық білім басқармасына орын алған қателіктерді болашақта жібермеуін талап етті. Сондай-ақ бұл мәселеге байланысты атқарылған жұмыс барысын бір ай көлемінде сот мекемесіне хабарлау керек.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика