Ер адам екі жастағы қызы мен әйелін бауыздап тастады

26 октября 2017

Германия полициясы екі жастағы қызын бауыздап өлтірген ер адамға іздеу жариялады. Қазан айының 23 күні Пәкістаннан келген босқын отбасында жанжал шығарып, туған баласын өлтірген.

Қайғылы оқиға болардың алдында Гамбург қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, күйеуінің өзіне және баласының өміріне қауіп төндіргенін хабарлаған. Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері әйел мен қыз баланың мәйітін тауып алды. 

Тергеу барысында, көршілері бұл отбасыға қатысты бар жайттың басын ашқан. Ер адам әйеліне тым қатал қараған екен. Тіпті оған көшеге шығуға, өзге адамдармен тіл табысуға тыйым салған. Қазір қылмыскерді іздеу шаралары жүргізілуде. 


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика