Ер адам әйелінің жанын әбден қинап, азаппен өлтірген

13 Қыркүйек 2017

Дәріхана ішінде өз күйеуінің қолынан қаза тапқан Жанар Насырованың жаны әбден қиналып, азаппен өлген. Дәл осындай қортындыны сот-медициналық сараптамасы көрсетті деп хабарлайды Алматы арнасы.

Оған сүйене келе, прокурорлар бұған дейін тек «адам өлтіру» дерегі бойынша айыпталып отырған Құлымбетовке жаңа айып тағайындады. Енді ол «адамды аса қатыгездікпен өлтіргені» үшін жауапқа тартылады. Аталған бап бойынша айыпталушы ұзақ мерзімге, яғни 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, биыл ақпан айында Жанар Насырованы 13 жыл отасқан күйеуі 22 жерінен пышақ салып, өлтірген болатын.

Дәріханада орнатылған бейнебақылау камерасына күдіктінің қоршаудан ыршып түсіп, өз әйелін аяусыз пышақтап жатқан сәті анық түсіп қалған болатын.

«Құлымбетов Азамат Тұрғымбекұлы аса қатыгездікпен басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату, яғни Қылмыстық кодекстің 99 бабы, 2-ші бөлігінің 5-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған», – деді облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Марат Қасымов.


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - © 2017 ҚР Ақпарат және коммуникация министрілігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика