Ең қысқа роман, әңгімелер

21 Мамыр 2018

1. Бірде Эрнест Хемингуэй «Бірнеше сөзден тұратын, оқырманды бей-жай қалдырмайтын қысқа әңгіме жазамын» деп достарымен бәстескен дейді. Бәске құмар, боксшы жазушы сөзінде тұрып, өзінің атақты 6 сөзден тұратын әңгімесін жазған. Ағылшыншасы: «For sale: baby shoes. Never worn». Сөз саны санаулы болғандықтан, тікелей аударсақ:
«Балалар аяқ киімі сатылады. Ешқашан киілмеген.»

2. Өз шығармаларында күтпеген шешім жасайтындығымен атақты О’Генридің шағын әңгімелер жарысында жеңіске жеткен әңгімесі бар. Шиеленісіп, шарықтау шегіне жетіп барып, шешімін тапқан бұл туындыны қысқа әңгімелердің эталоны ретінде алуға да болады. Былай:
«Темекісін тұтатқан жүргізуші қанша жанармай қалғанын білмек болып, жанармай багіне үңілді. Бейбақтың жасы 23-те болатын»

3. Марк Твен де уақ бірдеңе жазудан шет қалмаған. Жергілікті газеттің бетіне оның футбол матчы туралы жазбасы шыққан екен.
«Жаңбыр жауып, ойын болмады»

4. Фредерик Браунның хоррор стиліндегі атышулы әңгімесі бар.
«Жер бетіндегі соңғы адам бөлмеде отыр еді. Есік қағылды»

5. Англиядағы бір колледжде ең қысқа әңгімеге байқау жарияланыпты. Әңгіме көлемін сақтап, еркін тақырыпта жазып ғана қоймай, арнайы қойылған төрт шарты да болған.
Патшайым мен Құдай айтылып, аздап секс пен құпия болуы қажет. Бір студенттің жазғаны жеңімпаз атанған екен. Авторының есімі ұмытылып кеткендіктен, бұл әңгіме қазіргі кезде әңкішке айналып кеткен.
«О, Жаратқан ием, мен жүктімін, бірақ кімнен екенін білмеймін,-деп айқайлады патшайым.

6. Сұлулықты табысқа айналдырған француздар да ағылшындардан қалып қоймапты. Францияда ұйымдастырылған «Ең қысқа автобиографиялық жазба» сайысында бір кәрі француз әйелінің жазғаны жеңіске жеткен.
«Бұрын менің бетім тегіс, белдемшем қыртыс-қыртыс еді. Ал қазір керісінше»

Айтпақшы, «ең қысқа роман» деген де бар. Бұл роман негізінен кітап болып басылып та шыққан-ды. «Аты жоқ роман» деп аталады. Екі-ақ сөйлемнен тұрады. Авторы: Владимир Блинов атты жазушы. «нобельдік Бука» сыйлығын жеңіп алған. Наноәдебиеттің үлгісі ретінде бағаланады. Санаулы данамен шыққан кітапта: «Не надо! Я сама» деген роман сөзі, автордың иллюстрациялық суреті мен бір сыншының рецензиясы бар. Осы романұнадыды Мырзан Кенжебай: «Қойшы! Өзім-ақ шешем» деп қазақ тіліне аударды. Аудармасы қалай екен? Маған


Бөлісіңіз:


Qasym.kz - ©2011-2018; 2017 жылдың 10 наурызында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің №16388-ИА куәлігі берілген.
Яндекс.Метрика